Хелен Кларк Қазақстанның дамуында аймақтық интеграция мен жетістіктерге ерекше көңіл бөледі19.05.2011 19 мамыр, Астана – Бүгін БҰҰ ДБ әкімшісі Хелен Кларк ханымның, оның шеңберінде елдің өз дамуындағы әсерлі алға жылжу мен БҰҰДБ және тұтастай алғанда БҰҰ серіктестігіне негізгі көңіл бөлінген, Қазақстанға келген үш күндік сапары аяқталды. Бүгін Хелен Кларк ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірқатар мәселелерді, соның ішінде аймақтағы сауда мен инвестицияның маңыздылығын және экономикалық прогрестің қоғамның барлық мүшелеріне оң әсерінің қажеттілігін талқылау үшін кездесті. Олар, сондай-ақ табиғат апатының тәуекелін төмендету мен олардың салдарларын жою салысындағы аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын, Қазақстанның энергия тиімділігін, Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеру мүдделілігін талқылады.
Өзінің Қазақстанға келу сапарында, солсияқты ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасына енгізілген екі объектіні: қола ғасыр деп даталанған үш мыңжылдық петроглифі (тасқа түсірілген суреттер) барТамғалы кешені мен сазды-батпақты жердің бірегей экожүйесін білдіретін Қорғалжын мемлекеттік қорығын аралап көрді. Соңғы 7 жыл бойы БҰҰДБ Қорғалыжын қорығын сақтау мен қорғауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған табыстың баламалы көздерін дамытуға белсенді көмек көрсетті.
Қорғалжын құстар ұшып өтетін, Орталық Азия-Индия және Сібір-Шығыс-Африка сияқты екі әлемдік жолдардың қиылысында орналасқан, бұл осы аймақты Африка мен Индиядан солтүстікке және оңтүстікке – Еуропа мен Ресейдің арктика бөлігінен ұшып өтетін көшпелі құстар үшін өте-мөте маңызды етеді.
«Осы қорықтың таңғажайып табиғатын көрген кезде, ол әлем экожүйесінің өзара тығыз байланыстылығын еске түсіреді», деп атап өтті Хелен Кларк қорыққа барған кезінде. «Біз, жылдың басқа маусымында Африкада көруге болатын қызғылт түсті қоқиқазды көрдік. Қазақстанда жануарлар әлемін қорғау мен олар мекендейтін жерлерді сақтау саласында жасалып жатқан істердің халықаралық маңызы зор».
Хелен Кларк сол сияқты «Қазіргі заманғы әлемдегі және Қазақстандағы әйел көш басшылар» атты панельді пікірсайысқа қатысты. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында аудитория алдында сөз сөйлеген ол, әйелдердің күшті желілері әйелдер арасындағы білім және тәжірибе алмасудың әйел дауыстарын күшейту мен олардың шешім қабылдауға қатысу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін сыни маңызы барын атап көрсетті. Сондай-ақ ол Президент Назарбаевтың 2016 жылға қарай әйелдердің шешім қабылдауға қатысу деңгейін жылжыту бойынша 10% дан 30% дейін арттыру үшін іс-әрекет жоспарын қабылдауға шақырғанын атап өтті.
«Мен бүгін әйел көш басшылар туралы, біз әлі азбыз дер едім!», деді Хелен Кларк. «Президент Назарбаев гендерлік теңдік пен жоғарыдан көшбасылық жүргізуді жылжытуға өзіне міндеттеме алды, оған кез келген елде қол жеткізу үшін бұл маңызды болып табылады».
Қазақстанда болған кезінде Хелен Кларк ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Казыхановпен және ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовпен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықовамен, дипломатиялық қоғамдастық және азаматтық өкілдермен және БҰҰ елдік офисімен кездесті. Фотомұрағат 03 Мамыр 16 Қараша 19 Қазан Бұл күн 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. егжей-тегжейлі
| ||