БҰҰ Қазақстанда

 Қазақстан туралы

 

  Қазақстан Республикасындағы

Біріккен Ұлттар Ұйымы
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері  қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні — 1948 жылдан бастап   Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.
 
Соңғы 19 жылда БҰҰ агенттіктері макроэкономикалық реформа жүйесінде бірқатар стратегиялар, бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны сақтау саласындағы басқаруды жақсартуға қолдау көрсетті. Олардың ішінде айтарлықтай маңыздысы «Қазақстан-2030» ұзақмерзімдік даму бағдарламасы болып табылады.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді.
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары жұмыс істейді:
 
 
Мыңжылдық Саммиті кезінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қоса алғанда әлем жетекшілері 2000 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойған Мыңжылдық Декларациясында белгіленген мақсаттарға сәйкес жүргізіліп келеді. Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) деп аталған бұл мақсаттар мемлекеттердің 2015 жылға қарай миллиондаған адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға деген ұмтылысына қол жеткізудің нақты және өлшемді көрсеткіштерін белгілейді.
 
МДМ кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге көптеп қол жеткізу және экологиялық тұрақтылық сияқты дамудың маңызды салаларын қамтиды.
 
Қазақстан МДМ бастапқы қойған кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге көптеп қол жеткізу және әйелдер құқығын ілгерілету сияқты мақсаттарының кейбіріне әлден-ақ қол жеткізіп отырғандықтан, үкімет өзіне «МДМ+» тәртібі бойынша, демек Қазақстанда орындалған МДМ бойынша мақсаттарды жоғарылатуға міндеттеме қабылдады.
 
Сонда да, қалған МДМ бойынша әлі де шешімін таппай отырған, үкімет тарапынан қатты көңіл бөлуді талап ететін мәселелер баршылық. Мысалы ана мен бала өлімі, АИВ/ЖИТС, туберкулез жағдайлары анағұрлым маңызды. Қоршаған ортаның тұрақтылығы мәселесі әлі де күрделі күйінде қалуда.
 
Барлық агенттіктердің, бағдарламалар мен қорлардың елдік деңгейдегі қызметтері үшін біріктіретін басты құжат Даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ-ның Негіздемелік бағдарламасы болып табылады (ЮНДАФ). ЮНДАФ ұлттық басымдықтарды іске асыру және Мыңжылдық даму мақсаттары (МДМ) шеңберіндегі проблемаларды және даму саласындағы басқа да халықаралық міндеттемелерді шешуде БҰҰ жүйесінің ұжымдық, келісілген және интеграцияланған көмегін қамтамасыз етуге арналған негізгі стратегиялық құжат болып табылады.   Бағдарлама бес негізгі бағдарламалық принциптерге құрылады:
адам құқығын сақтау, гендерлік теңдік, қоршаған ортаның тұрақтылығы, нәтижеге бағдарланған басқару және әлеуетті нығайту.
 
Бүгінгі күні Қазақстанда 2005-2009 жылдарға арналған ЮНДАФ табысты іске асырылды және 2010-2015 жылдарға арналған ЮНДАФ күшіне енді. 2010-2015 жылдарға арналған ЮНДАФ негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасына ұлттық стратегиялар мен бәсекелестікті көтеру жөніндегі жоспарды, бұл ретте ел аймағында тұратын барлық халықтың игілігі үшін адамның дамуына ерекше көңіл бөле отырып іске асыруға жәрдемдесу. Бағдарлама ынтымақтастықтың мынадай үш негізгі бағыттарын қамтиды:  
 
Әйелдерді, балаларды, оралмандарды, босқындарды, жастарды, қарттар мен мүгедектерді қоса алғанда халықтың неғұрлым осал топтарына ерекше көңіл бөле отырып – барлығы үшін экономикалық және әлеуметтік игілік жасау.
 
ИУР, климаттың өзгеруіне және табиғат апатымен және басқа ТЖ байланысты проблемалармен күреске ерекше көңіл бөле отырып – қоршаған ортаның тұрақтылығы.
 
Институттандыру әлеуетін, азаматтық қоғамды және бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ адам құқығына көңіл қоюды қоса алғанда, мемлекетті тиімді басқару.  

 

Баспасөз орталығы
03 Мамыр
16 Қараша
19 Қазан
Бұл күн 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. егжей-тегжейлі